Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

ДСҰ сауда министрлері әлемдік сауданың негізгі мәселелерін талқылауда

28-02-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

26 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші министрлік конференциясында (13-МК) басталды, оған түрлі елдердің экономика, сауда және даму министрлері, сондай-ақ жаһандық экономикалық және сауда ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының делегациясын Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев басқарды.

Комор аралдары одағы мен Шығыс Тимор ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болды. Арал мемлекеттерінің қосылуы туралы шешім ашылу рәсімі барысында бекітілді. Комор аралдары мен Шығыс Тимор қосылғаннан кейін ДСҰ мүшелерінің саны 166-ға жетті.

Конференция барысында экономиканың өңдеуші секторларына және қызмет көрсету секторына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан теңізге шыға алмайтын елдерді инвестицияларға жәрдемдесу туралы ДСҰ-ның жаңа келісіміне қосылуға шақырды. Бұл бастама инвестициялық және бизнес ахуалды жақсартуға, мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат құжаттары мен лицензиялар беру рәсімдерін оңайлату мақсатында «бірыңғай терезе» құруға, сондай-ақ инвестициялық қызмет үшін ашық және болжамды жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

13-МК барысында Қазақстан ДСҰ-ын реформалауда елеулі нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін атап өтіп, дауларды реттеудің толық функционалдық жүйесінің және реформалау жөніндегі бастамаларды ағымдағы тақырыптық талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру, жұмыс орындарын құру және экономиканы әртараптандыру мақсатында ДСҰ-ның даму мақсатында инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі бірлескен Мемлекеттік бастамасының маңыздылығын атап өтті, әсіресе дамушы мен ең аз дамыған елдер үшін.

Сонымен қатар, Қазақстан әлемдік нарықтарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған цифрландыру және сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі күш-жігерді қолдады, бұл Қазақстанның экономикалық басымдықтарына сәйкес келеді.

Конференция аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің халықаралық сауда орталығының директоры П.Гамильтонмен, Сингапурдың сауда және өнеркәсіп министрі Ган Ким Йонгпен, Болгарияның сауда министрі Б.Богдановпен, Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Дьенмен және ЕО ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Я. Войцеховскиммен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.

Кездесудің негізгі мәселелері екіжақты және көпжақты сауданы дамыту перспективалары, сондай-ақ ДСҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктері болды.

Министрлер конференциясы екі жылда бір рет жиналатын ДСҰ-ның жоғарғы басқару органы болып табылады. ДСҰ – әлемдегі ең ірі экономикалық ұйым, оның құрамына халықаралық сауданың 98 пайыздан астамын құрайтын 164 мүше мемлекет кіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив