Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіпті дамыту туралы сауалнамаға қатысуға шақырады

28-02-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты ұлттық баяндаманы әзірлеуде. Онда еліміздегі өнеркәсіптің қазіргі жағдайы мен жекелеген бағыттар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға қатысты индустриялық даму жөніндегі мәліметтер қамтылады.

Ұлттық баяндама Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі тетігі болып саналады. Құжат кәсіпкерлік орта және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл негізінде әзірленеді.

Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кәсіпорындардың дамуына әсер ететін факторлар мен өндіріс орындарында туындайтын жүйелік проблемаларды және тәуекелдерді анықтау мақсатында онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.

Осы сауалнаманың нәтижелері тиісті шешімдерді қабылдау үшін еліміздің басшылығына ұсынылады.

Онлайн-сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады: https://forms.gle/bRARaBMFMX4N9EZX9.

Ал ресми тілдегі нұсқасы https://forms.gle/rQhdSAeJtUa6LXgN7. сілтемесі бойынша қолжетімді.

Сауалнаманы онлайн өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, қоса берілген нысанды толтыра аласыз.

Толтырылған сауалнама нысандарын төменде көрсетілген поштаға жіберулеріңізді сұраймыз n.nurgyisayev@qazindustry.gov.kz,   A.Yernazarov@qazindustry.gov.kz.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы ала аласыздар: 8 (7172) 983788 (ішкі 1073, 1189, 1172), Әлішер Ерназаров 8 702 852 85 38, Нұржан Нұрғысаев 8 707 423 79 69.   

Сауалнама нысаны (жүктеу) Сауалнама

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив