Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

29-02-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Президентке мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Президентке e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысы таныстырылды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артты. Биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент сервистік және адамдарға бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін жалғастыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив