Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
507.07 572.53 6.37

Агенттікте Әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесу өтті

29-02-2024, 13:55 Мадина Айдарова

Агенттікте орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу өтті.

Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын және Әдеп кодексін сақтау бойынша консультациялық, талдамалық, бақылау және профилактикалық қызметтерді жүзеге асырады.

Күн тәртібінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары қаралып, оларды алдағы уақытта жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қатысушыларға Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған Үлгілік жұмыс жоспарының іс-шараларын сапалы орындауды қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалуы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мәдениетін қалыптастыруға, іскерлік беделін нығайтуға және ұжымдағы жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Агенттік осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, мемлекеттік қызметшілер арасында жоғарғы әдептілік мәдениетін дамытуға бағытталған шараларды жүргізетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив