Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу өткізілді

23-02-2023, 19:11 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне қойылатын талаптар мен олардың әдептілігін нығайтуға бағытталған әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіруге бағытталған сұрақтарды талқылау.

Бүгінгі таңда республика көлемінде 762 әдеп жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді, оның 39-ы дербес мәртебеге ие, 723-не әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген.

Өткен жылы әдеп жөніндегі уәкілдермен азаматтарға және мемлекеттік қызметшілерге 20 мыңнан астам консультациялық көмек көрсетіліп, құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған 25 мыңға жуық түрлі шаралар өткізілген.

Кездесу барысында қатысушылар әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі міндеті халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу басты екенін атап өтті.

Шара барысында тиімді қызмет атқарып жатқан әдеп жөніндегі уәкілдер тәжірибелерімен бөлісіп, қызметті одан әрі жетілдіру бойынша сұрақтар талқыланды.

Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілермен әдептілік қағидаттары бұзылуының  және мемлекеттік қызметке кір кетіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстарға, ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеруге бағытталған жұмыстарға аса көңіл бөлу жөнінде ұсынымдар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив