Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Түркияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

1-03-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Анталия, 2024 жылғы 29 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу III Анталия дипломатиялық форумына қатысуы шеңберінде Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен келіссөздер өткізді.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша қазақ-түрік қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді.

Екі елдің білім беру саласындағы транзит-көліктік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер желісі бойынша «сағаттарын теңестірді», олардың арасында екі мемлекет үшін Түркі мемлекеттерінің ұйымы ерекше орын алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив