Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Астанада жыл сайынғы «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы өтті

1-03-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиосында» Алғыс айту күніне арналған дәстүрлі «Мың алғыс» қайырымдылық кеші өтті.

Жоба мұқтаж жандарға көмектесуге, түрлі мәселелерді шешуге жұртшылықтың назарын аударуға, қайырымдылықты насихаттауға бағытталған.

2024 жылғы шараның басты кейіпкерлерінің бірі – Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек Савельев. Өткен жылдың желтоқсанында елге келген ол, Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарында қонақ болды. Жәнібекке қатысты жүргізілген зертту жұмыстары нәтижесінде 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы табылды. Ал Жәнібектің өз анасына қатысты іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жәнібектің анасын іздеу әлі де жалғасып жатқанымен, бұл оқиғалар оған үміт ұялатады. 

«Мың алғыс»жобасының арқылы 9 жасар Альарназ шетелде 4 емдеу курсынан сәтті өтті. Ал  кейіпкерлердің тағы бірі – өмірден өткен бір адамның донорлық органымен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев. Астанадағы Ұлттық ғылыми Онкология орталығының трансплантолог-дәрігері Мэлс Асықбаев қазір елімізде 4 мыңға жуық науқас донор кезегінде тұрғанын айтады. Олардың 90 пайыздан астамы бүйрек трансплантациясын қажет етеді.

Іс-шараға Ақтөбеден 25 бала асырап алған Жетесовтар отбасы, сондай-ақ Астанада өртеніп жатқан көпқабатты үйден бір адамды аман алып шыққан Ғалымбек Өтешев  қатысты.

Биыл «Мың алғыс» жобасы жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Жоба аясында 25 отбасы баспаналы болып, түрлі аурулары бар 350-ге жуық адам медициналық көмек алды.

Мерекелік іс-шараның телевизиялық нұсқасын бүгін сағат 15:15-те «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив