Вильнюс қаласында Қайрат Төребаев пен Аушрине Армонайте Қазақстан-Литва арасындағы сауда-саттықты тереңдету мәселелерін талқылады
Ағымдағы жылдың 29 ақпанында Вильнюс қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті.
Қазақстандық делегацияны ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев, Литва делегациясын – Литва Республикасының Экономика және инновациялар министрі Аушрине Армонайте басқарды.
Тараптар сауда, көлік, инвестиция, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім, сондай-ақ цифрлық технологиялар және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Айта кету керек, Литва Қазақстанның Балтық өңірі мен еуропалық кеңістіктегі негізгі сауда серіктесі болып табылады.
Қ. Төребаев Қазақстан екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және Литва Республикасымен өзара тиімді шарттарда тауар айналымы көлемін ұлғайтуға үлкен мән беретінін атап өтті.
Литва Қазақстанның Еуропалық Одақ елдері арасындағы сауда әріптестерінің жиырмасына кіреді. Өз кезегінде Қазақстан Литваның әлемдегі отыз сауда серіктесінің қатарына кіреді.
Бүгінде қазақстандық нарықта 190 литвалық компания бар. 2005 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Литвадан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $95 млн. құрады.
Өз кезегінде А. Армонайте соңғы екі жылда екіжақты іскерлік байланыстар әсіресе күшейгенін хабарлады. Мәселен, 2022 жылғы маусымда Бірлескен Іскерлік Кеңес құрылды, 2023 жылғы маусымда Вильнюсте бірінші бизнес форум және 2023 жылғы қазанда Астана қаласында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесінің алаңында кезекті екіжақты бизнес форум өтті.
Бұдан басқа, Үкіметаралық комиссия шеңберінде Вице-министр Қ.Қ.Төребаевтың Литваның Өнеркәсіпшілер конфедерациясының және Литваның Инновациялар агенттігінің басшылығымен кездесті, сондай-ақ екі елдің көлік ведомстволары арасындағы халықаралық автомобиль тасымалы мәселелері жөніндегі Литва-Қазақстан аралас комиссиясының отырысы өтті.
Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен Литва Республикасының Экономика және инновациялар министрі Аушрине Армонайте Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының 14-отырысының хаттамасына қол қойды.