Көктемгі егістік науқанына дайындық жұмыстары талқыланды
Бесқарағай ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ашық есік күні өтті.
Семинар барысында «Көктемгі егістік науқанына дайындық жұмыстары, жеңілдетілген пайызбен берілетін несиелер және лизингке ауылшаруашылығы техникаларын алу жолдары туралы ақпараттар беріл, анықтамалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде бизнес ашуға жағдай жасау, жаңа техникаларды алу, жерді тиімді пайдалану бойынша кеңестер беріп, заңгерлік қолдау көрсету болып табылады.
Семинарға Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, тұқым, гербицид, пестицид, минералды тыңайтқыштар сататын ұйымдар, ауылшаруашылығы техникаларын сататын несие қаржылық институттардың өкілдері қатысып ауданымыздың кәсіпкерлеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
Анықтама үшін: Бесқарағай ауданында 576 шаруа қожалығы және жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 538 ұйым бар.