Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Дархан Қыдырәлі «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумына қатысты

4-03-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ұйымдастырған «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» атты симпозиумға қатысты. Шараға қатысушылар алдында сөз алған сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Сенат басшысының құттықтауында қазақ тілін одан әрі дамыту және оны ғылымда белсенді қолданудың маңыздылығы атап өтілді.

Ғылымның әртүрлі салаларындағы ұлттық мазмұнның сапасы мен деңгейін бағалау, даму жолдары туралы ұсыныстарды жүйелеу, ғылымда мемлекеттік тілді нығайтудың саяси-құқықтық мәселелерін қарау, ғалымдар мен ғылыми кадрларды даярлаудағы ғылым мен білімнің арақатынасы мәселелерін талқылау симпозиум жұмысының негізгі мақсаты болды.

Шараға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, сондай-ақ белгілі тілші ғалымдар мен мамандар қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив