Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Үржарда 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

23-02-2023, 09:37 Думан Кенжеғазыұлы

️Үржар ауданында пәтерлерді аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, I және II топтағы мүгедектерге беру жоспарлануда. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 16 034 ш.м.

2022 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 16 034 шаршы метрді құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100,4%-ға немесе 71 шаршы метрге көбейді (2021 жылы 15 963 ш.м).

Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов атап өткендей, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Мақаншы (9 пәтер), Таскескен ( 2 пәтер) және Ақжар ауылдарында (22 пәтер) 33 пәтер пайдалануға берілген.

– Аудандағы 53 елді мекеннің 40-ы немесе 75,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Аудандағы қалған 13 елді мекенде ауыз су мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Есепті 2022 жылы 5 елді мекеннің (Барқытбел, Айтбай, Лайбұлақ, Жаңай, Қаратал) сумен жабдықтау нысандарына қаржы бөлінді. Жұмыс 2023 жылы жалғасады,- деді Тоқсеитов.

2022 жылы облыстық бюджет есебінен Бекет және Қазымбет ауылдарына су құбырын тартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив