Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

ЦДИАӨМ Цифрлық кодекс жобасы шеңберінде жұмыс тобының кеңесін өткізді

6-03-2024, 17:52 Мадина Айдарова

Цифрлық даму министрлігі алаңында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың төрағалығымен цифрлық кодекстің жаңа жобасын әзірлеу бастамасы шеңберінде жұмыс тобының кеңесі өтті.

Кеңеске бизнес-қоғамдастық өкілдері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ цифрлық технологиялар саласындағы сарапшылар жиналды.

Кеңесте «Цифрлық Кодекс» жобасының электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және электрондық құжат (ЭҚ) мәселелеріне қатысты негізгі нормалары, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру саласындағы ұсынылған инновациялар талқыланды.

Вице-министр Әсет Тұрысов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасына байланысты жоба нормаларына ерекше назар аударды.

Сарапшылар «Цифрлық кодексті» әзірлеуге қатысты өз ұсыныстары мен идеяларын білдірді, сондай-ақ осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі дамыту және толық жобаны іске асыру бойынша шараларды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында белгіленген елді цифрландыру стратегиясы цифрландырудың негізгі қағидалары бекітілетін кешенді салалық құжатты әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Осы трендке сүйене отырып, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдер цифрлық даму саласындағы заңнаманы кодификациялау жөніндегі жоспарларын жариялады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив