Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

23-02-2023, 10:14 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында «Pfizer» компаниясымен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропа, Азия және Африка бойынша өңірлік директоры Озгур Язиюрт бастаған «Pfizer» делегациясымен келіссөздер жүргізді. Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ренат Есқалиев қатысты.

Келіссөздер барысында Қазақстанда американдық компанияның болуын кеңейтудің өзекті мәселелері, оның ішінде «Prevenar-13» пневмококкты вакцинаның келісімшарттық өндірісін оқшаулау талқыланды. Американдық тарап қазақстандық нарыққа биофармацевтикалық трансұлттық компанияларды тарту үшін жергілікті заңнаманы жетілдіру жөніндегі күш-жігер туралы хабардар етілді. Өз кезегінде «Pfizer» басшылығы фармацевтикалық қызметті реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістерді оң бағалады.

Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан «Pfizer» американдық трансұлттық компаниясы – биофармацевтикалық нарықтың әлемдік көшбасшыларының бірі. Компанияның негізгі зерттеу орталығы Коннектикут штатындағы Гротон қаласында орналасқан.

Бүгінде компания жүрек-қантамыр жүйесі, тірек-қимыл аппараты ауруларына қарсы дәрі-дәрмектерді жасаумен айналысады, антибиотиктер, виагра, иммунодепрессанттар және т.б. шығарады. 2020 жылы «BioNTech», «Pfizer» мен «Fosun Pharma» компаниялары коронавирусқа қарсы вакцина әзірледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив