Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

QazIndustry ЕАЭО шеңберіндегі бизнес үшін мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

11-03-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылғы 14 наурызда «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өнеркәсіп саласының өкілдеріне ЕАЭО аясындағы бизнес-қоғамдастық үшін қарастырылған мүмкіндіктер мен тетіктерді түсіндіру мақсатындағы кезекті (екінші) ақпараттық семинар ұйымдастырады.

Кездесу сағат 10.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өтеді.

Жиын барысында ЕАЭО шеңберіндегі кедендік-тарифтік реттеу және қорғау шаралары, мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін Еуразиялық тізілім, ЕАЭО шеңберіндегі бірлескен кооперациялық жобалар үшін қаржылық жәрдемдесу тетіктері сияқты тақырыптарды талқыланбақ.

Өнеркәсіп саласының өкілдерін аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.

ZOOM-кездесуге қатысу арқылы бизнес өкілдері ЕАЭО шеңберіндегі қолданыстағы тетіктер мен құралдармен танысып қана қоймай, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алады.

Аталмыш семинарға қатысамын деушілер және семинарға қосылу үшін сілтеме алу үшін толық мәліметтерді (аты-жөні, ұйымы, лауазымы) m.ussabekova@qazindustry.gov.kz  поштасына жіберу қажет.

Сонымен қатар, осы тақырыптағы келесі семинар наурыз айының 28-і күні өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив