Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шәрбиев DGB group жобалар жөніндегі директоры Николас Уоллмен кездесті

11-03-2024, 19:30 Мадина Айдарова

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев пен DGB group жобалар жөніндегі директоры Николас Уолл бірлескен кездесу барысында Қызылорда облысында орман отырғызу жобасының мәселелерін талқылады.

«Арал өңірінің экологиясы, мұздықтардың тез еруі мен шөлейттену тек Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді», - деп атап өтті вице-министр.

Бүгінгі таңда құрғатылған түбінің ауданы 6 млн. гектарды құрап, ол жерден атмосфераға 100 млн. тоннаға дейін тұз қоспалары және улы пестицидтердің қалдықтары бар шаң көтеріліп жақын жерде тұратын адамдардың денсаулығына зиян келтіреді.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта құмды-тұзды дауылдарды болдырмаудың ең тиімді шараларының бірі ағаштар мен бұталарды отырғызу екенін атап өтті.

Мәселен, 2021-2023 жылдары аралығында сексеуіл 545 мың гектарға жуық жерге отырғызылды. Көршілес Өзбекстан жағынанда Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл егілді.

Сонымен қатар, Арал теңізінің экологиялық дағдарысының салдарын барынша жеңілдету үшін сексеуіл егу алаңын 555 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Осыған байланысты Қызылорда облысында сексеуіл отырғызу жөніндегі жобаны іске асыру туралы ұсыныс өңірдің табиғатын сақтауға және қалпына келтіруге ықпал етіп қана қоймай, жергілікті халыққа жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, сол арқылы жергілікті экономиканы ынталандырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив