ТЖД «Қауіпсіз су тасқыны» акциясына шақырады
Биыл көктемгі су тасқынының алдын алу, төтенше жағдайларды азайту мақсатында Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстық «Қауіпсіз су тасқыны» акциясын өткізеді.
ТЖД азаматтық қорғаудың аумақтық күштерін, еріктілер және үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді, спорт қауымдастықтарын, «Атамекен» ҰКП өкілдерін, депутаттарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, коммуналдық қызметтер мен басқа да ұйымдарды акцияға қатысуды шақырады.
Акция барысында - аула аумақтарындағы қарды шығаруға, іргелес арықтар мен каналдарды тазартуға шақырады. Ал меншік иелерінің кооперативтерін, коммуналдық және жол қызметтерін қарды шығаруға, жергілікті маңызы бар жолдардағы су өткізу құбырлары мен көпір асты кеңістіктерін тазартуға, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың шатырларын қардан және мұздан тазартуды сұрайды.