Сиандағы қазақстандық терминалдан контейнерлік пойыз Әзірбайжанға 11 күнде келді
Ағымдағы жылдың 11 наурызында Бакуде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Әзірбайжанға мемлекеттік сапары барысында Сиань қаласындағы (Қытай) жаңа қазақстандық көлік-логистикалық терминалдан контейнерлік пойыздың келуі бойынша телекөпір өтті.
Пойыз Апшерон (Әзірбайжан) станциясына Қазақстан арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша транзитпен келіп жетті.
Контейнерлік құрам шамамен 7 мың шақырымды артқа тастап, 11 күнде жүріп өтті. Қазақстан бойынша Алтынкөлден Ақтау портына дейінгі қашықтық 3128 км қашықтықты пойыз үш тәулікте жүріп өтті. Мультимодальды тасымалдау барысында контейнерлер Қазақстанда екі рет – «KTZE Khorgos Gateway» Құрғақ портында және Ақтау теңіз портында қайта тиелді, содан кейін Каспий теңізі арқылы Баку халықаралық сауда портына, сол жерден – Апшерон станциясына жеткізілді.
Бұрын Қытайдан Қара теңіз порттарына жеткізілім 53 күн болса, қазір – 18 күн. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» мен Әзірбайжан темір жолдарының бірлескен жұмысы арқасында тасымалдау мерзімі айтарлықтай қысқарды.
ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдарды ұлғайту және жүктерді жедел ілгерілету үшін бірыңғай цифрлық экожүйе құрылып, жолдар салынуда және порттар жаңғыртылуда.
Әзірбайжан мен Қазақстан теміржол әкімшіліктерінің бірлескен күш-жігері арқасында 2024 жылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жоспарлануда.