Абай облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы ақпарат
Биыл облыстың жергілікті атқарушы органдарында кезекте тұрған 700-ге жуық азаматқа тұрғын үй беру жоспарланған.
2024 жылғы 1 наурыздағы деректерге сәйкес Абай облысында тұрғын үйге кезекте тұрғандар 19 336 азаматты құрайды (Семей қаласы – 14 021). Биыл былтырға қарағанда кезектегілер саны 365 адамға өсіп, ай сайын орта есеппен 92 адам баспанаға кезекке тіркелген.
Оның ішінде:
1. Жетім балалар – 2 819 (Семей қ. – 1819);
2. Әлеуметтік осал топтары – 7 236 (Семей қ. – 5 130);
3. Көпбалалы отбасылар – 2 466 (Семей қ. – 1 528);
4. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 6 669 (Семей қ. – 5 501);
5. Тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР азаматтары – 146 (Семей қаласы – 43).
Анықтама: 2023 жылы облыстың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспана саны 695 (Семей қ. – 211, Курчатов қ. – 71, Абай ауданы – 42, Аягөз ауданы – 93, Бесқарағай ауданы – 57, Бородулиха ауданы – 10, Жарма ауданы – 96, Көкпекті ауданы – 19, Ақсуат ауданы – 36, Үржар ауданы – 60).