Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Ұлыбритания маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Жол картасына қол қойды

12-03-2024, 15:50 Мадина Айдарова

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Ұлыбритания Біріккен Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты Ұлыбритания Біріккен Корольдігі шақыртуымен ұйымдастырылған «Mineral Processing and Circular Economy» бизнес-форумына қатысып, Ұлыбританияның аса маңызды шикізат саласындағы мүмкіндіктерімен танысу.

Іс-шара аясында Қазақстан мен Ұлыбритания маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Бизнес-форум барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Ұлыбританияның өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі Нусрат Ганимен кездесті. 

Вице-министр «технологиялардың орнына шикізат, қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру» сияқты Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттарын атап өтті. Сондай-ақ, британдық компанияларды Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.

Нусрат Гани өз сөзінде қазақстандық делегацияны құттықтады. Екі тараптың ұзақ мерзімді әріптестікті қалыптастыру бағытындағы жұмысын жоғары бағалады. Министр Жол картасына қол қоюды ризашылықпен атап өтті, бұл Лондон мен Астана арасындағы аса маңызды шикізат саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылды практикалық жазықтыққа көшіру жөніндегі маңызды оқиға болып табылады. Әрі қарай ілгерілеудің негізі болатын жылдам нәтижелерге қол жеткізуге деген сенімін растады. 

Іс-шара аясында сондай-ақ В2В кездесулер өтті, онда ҚР және Ұлыбритания кәсіпкерлері маңызды шикізат материалдары саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерінің кең ауқымын және нақты жобалық ұсыныстарды талқылай алды. Сондай-ақ, қазақстандық және еуропалық компаниялардың өкілдері өз жобалары мен қызметтерін таныстырды.

Сондай - ақ, G2B шеңберінде Британдық тау-кен өндіруші, металлургиялық компаниялармен және techmet, Maritime House Ltd, Ionic Rare Earth, Mkango Resources Ltd., Haig Barrett Partners және FSEE кәсіпорындарымен кездесулер өткізілді.

Танысу сапары аясында Cornish Lithium, British Lithium Pilot Plant, HyProMag, Rolls-Royce, Materials Processing Institute және т.б. сияқты британдық компаниялардың өндіріс орындарына сапары ұйымдастырылады.

Аталған іс-шаралар Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив