Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан құрама командасы XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан қола жүлде жеңіп алды

13-03-2024, 14:22 Мадина Айдарова

XX-шы қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді, күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейрман Пернеев және Виктор Максименко  ойнады.

«Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады», - деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

Айта кетейік, XX-шы қысқы Сурдлимпиада Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан атынан 26 спортшы (шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан) қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив