Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
505.15 550.31 5.89

Абай облысының әкімі ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

23-02-2023, 13:14 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі 19 наурызда өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауға дайындық барысы туралы айтып берді.

️Облыс бойынша 478 сайлау учаскесі ұйымдастырылып, сайлаушылардың тізімі жасақталған.

️Өз кезегінде байқаушылар миссияның жұмыс сапарлары туралы ақпаратпен бөлісті. Байқаушылар мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдерімен, азаматтық белсенділермен кездеседі. 19 наурызда сайлау учаскелеріндегі сайлау процесін, атап айтқанда учаскелердің ашылуын, дауыс беру процесін бақылайды. Сондай-ақ, байқаушылар дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару процесіне қатысады.

Бүгінгі күні Сыртқы істер министрлігінен ОСК-ға аккредиттеуге екі шет мемлекеттен және бір халықаралық ұйымнан 37 байқаушының кандидатуралары ұсынылды. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 13 наурыз күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив