Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы көрсететін ақылы қызметтердің тізбесін кеңейтуде

13-03-2024, 20:03 Мадина Айдарова

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Қағидалардың 1-тармағында мәдениет саласында маманданған Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі деп түсінілуі тиіс делінеді. 

Аталмыш құжат ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен оның филиалдары ұсынатын қызметтер тізбесін кеңейтуді көздейді.

Бұйрыққа енгзілетін өзгерістер қызметтің ақылы түрлерін көрсету тәртібін және қызметтерден түскен ақшалай қаражатты жұмсауды реттеуге бағытталған.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 27 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14972859 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив