Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ақтауда «Ақсақалдардың аталы сөзі» республикалық конференциясы өтті

14-03-2024, 12:00 Мадина Айдарова

Бүгін көктемгі Көрісу күні – Амал мерекесі қарсаңында екінші республикалық отырыс аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік «Ақсақалдар кеңесінің» қатысуымен «Ақсақалдардың аталы сөзі» атты конференция өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және өңірлерден келген Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Ғалым Шойкин Мемлекет басшысы 2022 жылдың қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақсақалдар кеңесі» қызметін өңірлерде жолға қоюды, олардың жұмысын жүйелеуді, жаңа серпін беріп, мәртебесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырғанын еске салды.

«Ақсақалдар кеңесі қазақ халқының дәстүрінде ежелден бері бар дүние және қоғам мен билік арасын жалғайтын – алтын көпір. Ғасырлар бойы ақсақалдар кеңесінің тікелей араласуымен елде бірлік, қоғамда тұрақтылық орнады. Ақсақалдар татулыққа, бірлікке шақырды. Жастарға берілетін аға буынның даналығы мен тәжірибесі әрқашан біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің кепілі болды. Бұл институттың қызметі әрқашан өзекті және маңыздылығын жоғалтпайды», – деп атап өтті Ғалым Шойкин.

Конференцияға қатысушылар қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы аға буын рөлін талқылап, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда 1119 Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді, кеңеске жалпы алғанда 8 мыңға жуық ақсақал мүше. 2023 жылы олар 6 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізген, оған 190 мыңнан астам адам қатысқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив