Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі өтеді

14-03-2024, 13:31 Мадина Айдарова

19-21 наурызда Тараз қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.

Іс-шаралар бағдарламасы тікелей ТМҰ ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін, ТМҰ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысын, 3-ші Түркі Агро Форумын және компаниялармен В2В кездесулерді, ECOSA тұқым конгресін, тұқым шаруашылығы жөніндегі форумды және бірақатар екіжақты кездесулерді қамтиды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімдігі мен ExpoGroup ВАК Таразда KazAgro Zhambyl 1-ші халықаралық форум-көрмесін ұйымдастыруда. Форум бағдарламасына Наурыз мейрамын кең көлемде тойлау және 5 000-нан астам келушілер - Түркі Мемлекеттері Ұйымының ауыл шаруашылығы министрлері, Қазақстанның, сондай-ақ алыс және таяу шетелдердің АӨК саласының өкілдері қатысады.

KazAgro Zhambyl форумының негізгі қатысушылары – Тұқым өндірушілер ынтымақтастығы елдерінің экономикалық қауымдастығы (ECOSA) және Тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығы (TSUAB). Көрмеге келушілерге арналып Қытайдан келген өндірістік компаниялар өкілдерінің экспозициялары дайындалды, олар ауыл шаруашылығы өнеркәсібіне арналған озық құралдарды көрсетеді.

Толық ақпарат алу үшін 8 701 701 3450, 8 707 331 18 97 телефондары және minagripress@gmail.com почтасы бойынша хабарласыңыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив