Н. Сағындықова БҰҰ-ны Қазақстандағы әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар етті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова бастаған қазақстандық делегация Нью-Йорк қаласында БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 68-ші сессиясына қатысты. Еліміздің өкілдері Қазақстанда әйелдердің әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік қолдау шараларын атап өтті.
Іс-шараның негізгі тақырыбы гендерлік теңдікке қол жеткізуді жеделдету және кедейлік мәселелерін шешу, әлеуметтік қорғауды күшейту және институционалдық және қаржылық тетіктерді нығайту арқылы әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту болды.
Назгүл Сағындықова өз сөзінде Бейжің декларациясына қосылу, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау сәтінен бастап Қазақстан гендерлік теңдік мәселелерінде белгілі бір прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Гендерлік теңдікке қол жеткізу индикаторлары 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына енгізілген.
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Тұжырымдама гендерлік теңдік институтын нығайтуға, әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, гендерлік ағартуды ілгерілетуге, ана мен баланы қолдауға бағытталған шараларды енгізумен өзектендірілді.
Тұрақты экономиканы дамыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, атаулы әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жаңа тәсілдер бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар әйелдердің кедейлік деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бұрын әйелдердің еңбегін пайдалануды шектеген жұмыстар тізімін жою ықпал етті. Бұл шешім қазақстандық әйелдерге бұрын қол жетімсіз кәсіптерде өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпал етеді.
Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында соңғы екі жылда 1,1 млн-нан астам әйел жұмысқа орналастырылды. Сапалы жұмыспен қамтудың өсуінің драйвері Еңбек нарығын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау болды.
Ана мен баланы әлеуметтік қолдау республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен төлемдердің 7 түрін қамтиды. Тек 2023 жылы балалары бар 2,5 млн қазақстандық отбасыға мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде шамамен 1,3 трлн теңге бөлінді.
Проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін Отбасының цифрлық картасы іске қосылды.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы басталды, оның нәтижесінде жыл сайын 7 млн-ға жуық баланың арнаулы жинақтаушы есепшотына Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы аударылатын болады. Болашақта бұл қаражат білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсалуы мүмкін.
Сессия барысында «Инклюзивтілік пен гендерлік сезімталдықты қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайту және кеңейту» тақырыбында сайд-ивент өткізу жоспарлануда. Іс-шараның мақсаты-инновациялық шешімдер мен гендерлік тәсілдердің көмегімен халықты әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның озық тәжірибесімен бөлісу, шетелдік әріптестермен пікір алмасу.
Қазақстандық делегация барлығына арналған гендерлік теңдік пен экономикалық өсуге қол жеткізу жөніндегі шоғырландырылған шараларды әзірлеуге, сондай-ақ БҰҰ-ның 2027 жылға дейінгі кедейлікті жою үшін күрес жөніндегі 3-ші онжылдығын өткізу шеңберінде 2030 күн тәртібін жүзеге асыруға қатысуға дайын екенін білдірді.