«Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі арқылы отандық өндірушінің танылуы
Мемлекет басшысының «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу құралдары арқылы ішкі нарықты қорғаудың жаңа моделін әзірлеу және «Қазақстанда жасалған» белгісімен тауарларды ерікті сертификаттау жүйесін құру жөніндегі іс-шараны қамтитын Жол картасын бекітті.
Осы іс-шара шеңберінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі отандық өндірушіні тану және қазақстандық тауарды ілгерілету үшін «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану қызметін ретке келтіру арқылы моделі ұсынылды.
Бұл ретте, бизнеске қосымша жүктеме туғызбау үшін Министрлік отандық тауарға хабарлама жасау тәртібі арқылы «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қоюды қарастыруды ұсынады.
Осы тетікті талқылау үшін бірінші Вице-министр А.А. Шаққалиевтің төрағалығымен ҚР СИМ алаңында «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен отандық тауар өндірушілердің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында кеңеске қатысушыларға «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК әзірлеген ҚР СТ «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі. Техникалық талаптар», ҚР СТ «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану тәртібі. Жалпы ережелер» ұлттық стандарттарының жобалары ұсынылды. Бұл жобалар бірыңғай техникалық талаптарды және таңбалау белгісін қолдану тәртібін белгілеуге бағытталған.
«Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану және салу бастамасы хабарлама жасау тәртібі арқылы отандық тауар өндірушілердің қолдауына ие және мүдделі болды, өйткені ол бірінші кезекте тұтынушылардың сапалы отандық тауар алуына бағытталған.
Осы тетікті ілгерілету жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.