Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-ші сессиясының жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты

17-03-2024, 17:04 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-ші сессиясының жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты.

Комиссия БҰҰ-ның халықаралық есірткіге қарсы күрестегі басты органы, ағымдағы жылы 180-нен астам жоғары лауазымды делегация жаһандық жағдайды талдауға және 2019 жылғы Есірткі қатеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі министрлік декларациясын бірлесіп іске асыруға жиналды.

Министр өз сөзінде БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп әзірленген, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған ұлттық жоспарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы делегацияларды хабардар етіп, есірткі тұтынудың алдын алу, адам құқықтарын қорғау және құқық қорғау қызметі жөніндегі шараларды біріктіру бойынша Қазақстанның осы бағыттағы жұмысының кешенді сипатын атап өтті.

Өңірдегі жағдайға тоқтала отырып, қазақстандық дипломат Ауғанстаннан келетін есірткі трафигіне қарсы іс-қимылды нығайтуда және оған қарсы іс-қимылда Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) маңызды рөлін атап өтті.

Қазақстандық делегация басшысы соңғы жылдары заңсыз айналымы бірнеше есе артқан жаңа қатер – синтетикалық есірткіге қарсы күрес бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Осыған байланысты Қазақстан БҰҰ-ның синтетикалық есірткіге қарсы күрес жөніндегі стратегиясын белсенді іске асыруда және келесі жылы біздің ұжымдық қауіпсіздігімізге төнген жаңа қатерге бірлесіп қарсы тұруға арналған Министрлердің өңірлік конференциясын қабылдайды.

М.Нұртілеу Ауғанстандағы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа жеке тоқталып, қатысушыларды Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі Қазақстанның ұсынысын қолдауға шақырды.

Қазақстандық делегация басшысы отырыс қорытындысы бойынша нақты міндеттемелер қабылдауды көздейтін «Pledge4Action» бастамасын қолдап, еліміздің бір жыл ішінде Қазақстанда нашақорлықты емдеу үшін медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшелерін ашу міндеттемесін жариялады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив