Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Курчатовта «Жастар» саябағы қайта қалпына келтіріледі

19-03-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Курчатов қаласында қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған екі жылдық абаттандыру және көгалдандыру жоспары әзірленді. 2024 жылы 834 ағашқа санитарлық кесу жүргізіледі. 46 қураған ағаш шабылып, түрлі 4 мың жас көшеттер (терек, көк шырша, қарағай, мамыргүл, шетен және қараған) отырғызу жоспарланған. Қаланың барлық қоғамдық кеңістігі суару жүйесі қосылады.

Жоспар шеңберінде «Құрылысшылар аллеясы» және «Ақ балкон» сияқты танымал орындарды күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Сонымен қатар, қаланың келбетіне айналған Абай көшесіндегі ағаш аялдаманы қайта қалпына келтіру көзделіп отыр.

Жастар арасында танымал «Жастар» саябағы да жаңартылады. Саябақта спорт және коньки алаңдары құрылып, ағаш пен көшеттер отырғызылады. Келесі жылы саябақты Ертіс өзенінің жағасына дейін кеңейтіп, ашық аспан астындағы саябақ абаттандырылмақ.

2024 жылы Олимпиадалық 28, Тәуелсіздік 51, Молдары, Абай көшесі 15 мекенжайларына облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға балалар алаңы орнатылады. Аула спортын дамыту мақсатында осы жылы үш спорт алаңын (Тәуелсіздік көшесі 19, 33, Алексеенко көшесі 1) жөндеу және шағын футбол алаңын салу (Тәуелсіздік көшесі 45) көзделген. Сонымен қатар, №1 мектептің футбол алаңын жөндеу жоспарланған.

Қазіргі уақытта қаланың жол инфрақұрылымын қайта жаңарту бойынша 1,2 млрд теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Республикалық бюджеттен қаржыландыруды болған жағдайда 2 жыл ішінде қалаішілік жолдар 100%-ға жаңартылатын болады.

Сондай-ақ, қараусыз қалған ғимараттарды қалпына келтіру қолға алынады. 2024 жылы бос тұрған төрт көппәтерлі үйді, ал келесі жылы тағы төртеуін қалпына келтіру жоспарланған. Бұл тұрғынсыз қалған ғимараттардың санын азайтуға және қаланы қолайлы етуге көмектеседі.

Қазіргі уақытта қалаішілік тасымалдаудың жаңа бағытын іске қосу мәселесі қарастырылып, қосымша екі аялдама орнату көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив