Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Азық-түлік корпорациясы тұқым қоры ретінде пайдалану үшін тауарлық бидайды сатуды бастайды

20-03-2024, 15:23 Мадина Айдарова

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ тұқым қоры ретінде азық-түліктік бидайды мынадай шарттармен сатуды бастайды:

  • тек астық өндірушілерге сатылады (бір астық өндірушіге себу нормасы есебінен сату көлемі - 1 гектар егістікке 130 килограмм);
  • сату көлемі-400 000 тоннаға дейін;
  • жеткізу шарттары – азық-түлік корпорациясының уәкілетті элеваторларынан EXW (франко-элеватор) ;
  • Төлем шарттары-100% алдын ала төлем.

Фермерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде Азық-түлік корпорациясында 2024 жылға форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша алынған аванстық төлемдер есебінен тұқым ретінде азық-түлік астығын сатып алуға жол беріледі.

Азық-түлiктiк бидайдың көлемiн анықтау үшiн әлеуеттi сатып алушы егiс алаңдарының (егiстiктiң) растайтын құжаттарын ұсынуы тиiс.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК "АҚ: Астана қаласы, Московская көшесі, 29/3. эл. мекенжайы: mail@fcc.kz. тел. (8-717-2) 59-12-32. Бас менеджер: Кәкімов Е.К. 8 701-105-31- 05

Ақмола, Қарағанды облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қалсы, Нұрсұлтан Назарбаев, 19, тел. 8 (716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 30, 206-кеңсе, тел. 8 (723-2) 25-95-67, 56-06-57;

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әлеуетті сатып алушыларына Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. 8 (714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел. 8 (715-2) 55-11-60, 42-22-66.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив