Арман Шакқалиев Сычуанда Қазақстанның экспорттық әлеуетімен таныстырды
Қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Сычуань провинциясының Чэнду қ. өткен 110-шы қытайлық сусындар мен өнімдер көрмесінде ұсынды. Жүзден астам кәсіпкер мен 40 компаниядан тұратын делегацияны ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды.
Сычуань провинциясына сапар қазақстандық өндірушілер үшін жаңа өткізу нарықтарын іздеуге, олардың экспорттық әлеуетін таныстыруға, келісімдерге қол қоюға және инвестициялар тартуға бағытталған.
Жұмыс сапары барысында министр Арман Шаққалиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде жобаларды іске асыратын Қытайдың үш ірі холдингінің менеджерлерімен кездесті. Сауда министрлігінің басшысы Jiangsu SOHO Holdings Group Co., Ltd. (SOHO) басшылығымен келіссөздер жүргізді. Нысан - 380-ден астам кәсіпорыннан жасақталған ірі кәсіпкерлік топ, олардың бірі Цзянсу-Орталық Еуропа теміржолының жұмысын үйлестіреді, Еуропа мен Азияның 26 елін қамтитын 24 теміржол желісінің үздіксіз жеткізілімін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Арман Шаққалиев China Co-op компаниясына барды. Бұл Сычуань облыстық жабдықтау және өткізу кооперативтік жүйесі, оған округтер деңгейіндегі 180 облыстық бірлестік және 3930 базалық бірлестік кіреді. China Co-op - Үкімет пен шаруаларды арасындағы байланысты атқаратын және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ұйым.
«China Co-op - кооперативті жабдықтау және сату жүйесінің сәтті мысалы. China Co-op тәжірибесі мен мүмкіндіктерін, агротехнологияларын біз өсірілген ауыл шаруашылығы өнімінің сапа бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстанның нақты өңірінде пайдалана аламыз. Сіздердің кооперативтік ұйым жүйесі қытайлық тұтынушы үшін қазақстандық өнімді ілгерілетуге жақсы мүмкіндік болар еді. Сондай-ақ, Ресейден Таяу Шығысқа, Пәкістанға және Ауғанстанға дейінгі аймақтық деңгейде экспорт перспективасы бар. Біздің министрлік тарапынан біз барынша қолдау көрсетеміз және ынтымақтастық нұсқаларын қарастыруға дайынбыз», - деді кездесу барысында Арман Шаққалиев.
Қазақстанның өзен порттарын дамытуға инвестициялар және логистика мәселелерін ҚР Сауда және интеграция министрі 119-дан астам кәсіпорынды басқаратын Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., LTD. (SPSI) ірі мемлекеттік компаниясымен талқылады. SPSI жаһандық логистикалық және сауда платформасын құра отырып, Сычуань провинциясындағы "белдеу және жол" бастамасын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Кездесу барысында компания Орталық Азияға кіруді жеделдету үшін қазақстандық жобаларға инвестиция салуға дайын екендігін білдірді.
«2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы теміржол көлігі бойынша жүк айналымының көлемі өсіп, тарихи максимумға жетіп, 28,3 млн тоннаны құрады. Біз жүргізген талдау бойынша Сычуань бүгінде 41 миллиард доллардан астам импорттайды. Олардың ішінде Қазақстанда сатып алуға болатын тауарлар бар. Сізде кейбір компаниялармен келісімшарт бар. Бірақ бұл жұмысқа біз барлық қазақстандық экспорттаушыларды біріктіретін «Qaztrade» АҚ-мен бірлескен іс-қимыл арқылы жаңа серпін бере аламыз. «Qaztrade» пен бірге сіз жеткізушілердің тізбесін алдағы жылдарға жасақтай аласыз. Сіз үшін бұл үлкен көлемде кепілдендірілген жеткізілімдермен жүйелі жұмыс болады. Сонымен қатар, Сычуань провинциясында біздің өкіл үнемі болады. Бұл біздің ынтымақтастығымызды өзара ұйымдастыру кезінде қоятын сұраныстар мен нақты міндеттерге жедел жауап беруге көмектеседі. Жеткізу тізбегі бар көліктік-логистикалық бағыттағы тәжірибеңіз бізге де өте пайдалы. Порт инфрақұрылымын, атап айтқанда өзен инфрақұрылымын басқару тәжірибесін зерттеу әсіресе қызықты. Бүгінде Қазақстанда үлкен су айдыны-Ертіс бассейні қалыптасуда. Бұл өзен жүйесі Ресей, Қазақстан және Қытайды байланыстырады. Сіздің осы өзен инфрақұрылымына салған инвестицияларыңыз Қазақстаннан СУАР-ға жеткізудің қосымша бағытын ашуға мүмкіндік береді», - деді Арман Шаққалиев кездесу барысында.
Өз кезегінде Қытай тарапы Қазақстанның сауда және интеграция министрінің Сычуань провинциясына сапары экономикалық және сауда қатынастарын нығайту мен дамытудағы үлкен серпін берітінін, сондай-ақ айтылған барлық ұсыныстарды қарауға дайын екенін атап өтті.