Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыс өзендерінде мұз жару жұмыстары аяқталды

26-03-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиында су тасқыны жағдайы, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен еріген суды апатсыз қабылдау жөнінде мәселелер қаралды.

Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ басшысы баяндама жасады.

Семей қаласы, Бородулиха, Бесқарағай аудандарында Ертіс және Уба өзеніндегі мұз жару жұмыстары аяқталды. Шүлбі су қоймасының реттеушісі сыйымдылығы 586 млн текше метрді құрайды. Бүгінде гидрологиялық жағдайы тұрақты.

Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратына сүйенсек, тас жолдардағы су өткізу құбырлары толықтай тазалаудан өткен.

«Гидротехникалық құрылыстардың еріген суды қабылдауға және өткізуге дайындығын күн сайын бақылап, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдаймыз. Қала мен аудан әкімдері су шайып кету қаупі бар барлық нысандарға мониторинг жүргізуі керек. Туындайтын қауіп-қатерлерге жедел ден қойылсын», -деп атап өтті облыс әкімі.

Отырыс барысында жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстарды жүргізу облыс әкімінің қатаң бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив