Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

​​Алтай Сейдірұлы Көлгінов – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі

27-03-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Кейін ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды. 2003-2007 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің Заңға тәуелді актілерді талдау және әзірлеу басқармасының бастығы, кейін «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2022 жылдар аралығында Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының және Астана қаласының әкімі болды.

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив