Абай облысының Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде
Аягөз ауданында бірден екі бағытта екі іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғалар орнындарына Абай облысының ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілген болатын.
23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде, ол Аягөз өзенінен өтпекші болған кезде, аттан құлап, суға кеткен деп болжануда. Ер адам ат үстінде өзі жұмыс атқаратын «Шығыс» шаруа қожалығына бармақшы болғаны анықталды.
Сонымен қатар, 26 наурыздан бастап 1957 және 1985 жылы туған тағы екі азаматты іздестіру жүргізілуде, олар «МТЗ 82» маркалы тракторда Борлы өзенінен өту кезінде суда жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан. Жолда ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпекші болған, алайда, олар өзеннің ортасында тұрып қалды. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады.
Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, полиция департаменті, ЖАО, ӘБ күштері мен құралдары барлығы 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 бірлік техника, 3 пилотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар есебінен азаматтар жұмылдырылды. Аягөз ауданына адамдарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ТЖД психологтары да оқиға орнын жіберілді.
Су айдындарының көктемгі ластануына байланысты сүңгуірлердің көмегімен іздеу жұмыстары өзендердің ағу жылдамдығымен және су астынының көрінуінің нашарлығымен қиындады.
2024 жылғы 27.03. сағат 04:00-ден бастап іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жандандырылды, жұмыстар 26 наурызда қараңғы түсуіне байланысты тоқтатылған болатын.