Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.81 596.27 6.63

Қазан федералды университеті мен Shakarim University ынтымақтастық аясын кеңейтті

29-03-2024, 14:59 SHAKARIM UNIVERSITY

Былтыр Абай өңірінің халықаралық ынтымақтастық саласында маңызды оқиға болды. Облыс әкімі Н.Уранхаев бастаған делегация өкілдерісауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсатындаТатарстан Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Екі ел арасындағы сапардың нәтижесінде бүгін Қазақстан мен Ресей ЖОО ректорларының «Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары»екінші форумы аясында Қазан федералды университеті мен ShakarimUniversityөзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Басты мақсат – халықаралық ынтымақтастықты дамыту және университеттер арасындағы байланысты нығайту. Келісім арқылы қос университет бірлескен академиялық, ғылыми-зерттеу, білім беру бағдарламаларының алмасуына жаңа перспективалар ашуды көздейді. 

Мұндай келісімдер көкжиекті кеңейтуге және білім беру ортасын байытады, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив