Бородулиха ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасады
Жергілікті атқарушы орган және ТЖ бөлімінің күшімен Бородулихадағы су басу қаупі жойылды. Еріген қар суының кесірінен Қонаев көшесін су басу қаупі төнген болатын.
ЖАО мен ТЖ бөлімі жедел әрекет етіп, қабылданған шаралардың, соның ішінде мотор сорғысының көмегімен суды сорып және арнаны бұру арқасында су деңгейі төмендеді. Қазір су басу қаупі жоқ.
Қызыл суға қарсы дайындық кезінде аудан аумағында қар шығарылып, 268 су өткізу құбыры мен 16 көпірді тазарту жұмыстары атқарылды. 42,2 мың текше метрден астам қар шығарылды. Аудан бойынша 370 тонна инертті материал төселіп, 9 мың текше метрден астам су сорылды. Бұл жұмыстарға 140 адам және 30 техника жұмылдырылды.
Ауданда еріген қар суын шығару жұмыстары жалғасады.
Тағыда оқыңыз
Семей қалалық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек