Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Ақсуат ауданында жоғалып кеткен 2 адам аман-есен табылды

30-03-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 29 наурызында құтқару қызметіне 22 сағат 10 минутта Ақсуат ауданында таңертеңгі сағат 08 шамасында «Шаң» қыстауынан Кіндікті ауылына 1965 жылы туған ер адам 2013 жылы туған немересімен бірге атпен аттанғаны және олардың орналасқан жері белгісіз екендігі туралы хабарлама келіп түскен

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысының ТЖД күштері мен құралдары жолданды. Жергілікті жолдардың еріген суларының шайылуына байланысты Қорғаныс министрлігінің тікұшағы тартылды.

30 наурызда сағат 08: 50-де іздеу тобы жоғалып кеткендерді Кіндікті ауылынан 25 шақырым жерден тапты. 

Ми-17 МО тікұшағының көмегімен табылған азаматтар Кіндікті ауылына деткізілді

Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив