Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Алматы гарнизонында Х-Factor Kazakhstan тележобасының жеңімпазымен кездесу өтті

24-02-2023, 12:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы қаласындағы филиалында «Еуразия» бірінші арнасының Х-Factor Kazakhstan телевизиялық мегажобасының тоғызыншы маусымының жеңімпазы Мирас Ерболов жеке концерт қойды.

Қазақстандық эстрада жұлдызымен кездесуге Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері келді. 

Жарты жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінің атынан бірнеше мың үміткер финалға жету үшін неше түрлі сыннан өтті. Гранд-финалға үш әнші шықты. Олардың арасында әскери қызметші – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Абай гарнизонындағы офицерлер үйі эстрадалық-би бөлімінің меңгерушісі кіші сержант Мерхат Қанапиянов та бар.

– X-Factor жобасының ерекшелігі – бұл таланттардың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік береді. Шынында да, тоғызыншы маусымда финалға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, аспаз және әскери қызметші шықты. Мұндай іс-шаралар курсанттардың рухын көтеріп,  шығармашылық қабілеттерін оятады, – деді Құрлық әскерлері әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бөлім бастығы подполковник Владимир Слободчиков.

Бұрын дене шынықтыру мұғалімі болған Мирас Ерболовтың жетістігіне концертке қатысқан Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалының музыкалық жетекшісі Гүлжиян Оспанова ықпал етті. Ол вокал маманы ретінде Гүлжияннан сабақ алған. Бір жарым ай бойы алған сабақтың нәтижесінде осындай жеңіске жетті. 

X-Factor Kazakhstan жеңімпазы Мирас Ерболовпен кездесу керемет өтті. Әнші өзі, хоббиі, мұғалім жайлы айтып берді. Ал болашақ офицерлер оған өнер көрсеткені үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив