Қарулы Күштердің әскери қызметшісі Tartyl Fest гранд-финалында жеңіске жетті
Астанада Президент жанындағы Dara таланттарды қолдау қоғамдық қоры ұйымдастырған Tartyl Fest турнирінде белтемірге тартылудан республикалық турнирдің ақтық сыны өтті.
80 келіге дейінгі салмақта 30 жастан асқандар арасында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 85395 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Евгений Нам чемпион атанды. Спортшы қарсыласынан бір жаттығуда 52 рет тартылып, алға шықты. Бұл оның чемпиондық атақ үшін керемет қарқынды сайысқа түскенін көрсетеді.
Осы іс-шараға дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде іріктеу жарыстары өтті. Оған жеті мыңнан астам қазақстандық қатысқан болатын. Ақтық сынға 170 спортшы, оның ішінде Қарулы күштерден 15 әскери қызметші қатысты.
Финалдық жарыс үш жас тобында тоғыз салмақ дәрежесі бойынша
EXPO көрме кешені конгресс орталығының аумағындағы өтті.
Жарыс ережесі бойынша жеңімпаздар үш миллион теңге, ал бірінші мен екінші орын алғандар да олжалы болды. Жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрады.
Ақтық сынның жеңімпаздары Street workout әлем чемпионатында өнер көрсете алады. Street workout – бұл әуесқой спорт түрі, оған көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар жасау кіретінін айта кету керек.