Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
475.39 513.37 5.4

Әскер спортшысы турнир чемпионы атанды

12-02-2023, 09:02 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының былғары қолғап шебері, Қарулы күштердің қызметкері Теміртас Жүсіпов Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған беделді халықаралық турнирде "алтын" олжалады.

Финалға шыққанға дейін Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейін салмақта екі мәрте жеңіске жетті. Оның рингтегі қарсыластары Өзбекстаннан келген боксшы Дониер Бекмуродов және әзірбайжандық спортшы Тұрал Сариев болды.

Қырғызстаннан келген боксшы Асылбек Аманқұлұлымен шешуші жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңімпаз атанды. Осылайша, армия спортшысы халықаралық турнирде Қазақстан ерлер құрамасының құрамында алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін, Азия (2013 жыл) және әлем (2021 жыл) чемпионы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив