Абай облысының су басқан аудандарындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі
1 сәуірден бастап Абай облысы Бородулиха ауданындағы Переменовка орта мектебінде оқыту онлайн форматқа ауыстырылады. Мектепке қарай бірнеше көшені су басқандықтан, сабақ уақытша қашықтан оқытуға көшіріледі.
Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Мектепте 1-11 сынып аралығында 176 оқушы білім алады. Әр отбасы интернет желісіне қосылған. Барлық оқушы онлайн оқытуға Bilimland.kz платформасы арқылы қосыла алады.
Қазіргі таңда Абай облысы бойынша білім беру ұйымдарын су басу қаупі жоқ.
Тағыда оқыңыз
Курчатов қалалық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Жарма аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Қазақстанда білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілгенСу тасқыны орын алған аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледіШәкіртақыларды көбейту, мектептердегі тегін тамақтандыру және ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту. Президенттің сайлауалды бағдарламасы қалай іске асырылуда