Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастықты кеңейтуде
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова мен Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі Вилла Скиннари екіжақты кездесу өткізді.
Финдік әріптесі З. Сүлейменова: «Финляндия-Солтүстік Еуропадағы біздің басты серіктесіміз. Біз Қазақстан мен Финляндия арасында ең жоғары деңгейде орнатылған сындарлы және ашық саяси диалогты бағалаймыз.
Өткен онжылдықтарда Астана мен Хельсинки сындарлы саяси диалог құрып, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстар орнатты» - деп атап өтті.
Іс-шара барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-фин үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысының қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін қозғады.
«Отырыс барысында тараптарымыздың Жасыл экономика, қоршаған ортаны қорғау, жоғары білім және ғылым, жаңартылатын энергия көздері, орман шаруашылығы және ағаш өңдеу өнеркәсібі, сондай - ақ елдеріміздің инвестициялық және транзиттік әлеуеті сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары бойынша талқыланып, уағдаластықтарға қол жеткізгені қуантады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан инвестициялау үшін зор әлеуетке ие, сондай-ақ барлық салаларда бизнесті өзара тиімді жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Тараптар сондай-ақ климат, орман және су шаруашылығын дамыту, көміртекті бейтараптық, «жасыл экономикаға» көшу және парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесі және т. б. мәселелерін талқылады.
Соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-фин үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды.