Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Көкпектіде 5 мың теңгені құрайтын салықтың орнына 43 мың теңге салық салынған

24-02-2023, 14:57 018.kz

Көкпекті ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелеріне салынатын салық төлемінің мөлшері дұрыс қолданылмай келген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті хабарлады.

Салық заңнамасына сәйкес шаруа қожалықтары арнайы салық режимін таңдауға құқылы.

Бірыңғай жер салығын есептеу есепті салық кезеңі үшін 0,5 пайыз мөлшерінде жүргізіледі.

Осыған қарамастан, 26 шаруа қожалығына қатысты жер салығы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізілген.

Мәселен, табыстың жылдық айналымы бойынша 5 мың теңгені құрайтын салықтың орнына 43 мың теңге салық салынған.

Антикор енгізген ұсыным шеңберінде құқықтық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив