Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Астанада «2024 Kazakhstan-Korea Drone Roadshow» форумы өтті

3-04-2024, 13:31 Мадина Айдарова

2024 жылғы 2 сәуірде Астана қаласында «2024 Kazakhstan-Korea Drone Roadshow» форумы шеңберінде ҰҰА-ны дамыту және Қазақстан-Корея дрондарды дамыту академиясын құру бойынша кеңейтілген семинар өтті.

Іс-шара аясында тараптар дрондарды әртүрлі салаларда қолдану, дрон операторларын дайындау, ҰҰА-ны пайдалануды бақылау және қадағалау бойынша озық шешімдерді таныстырды. Сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттардың әзірлемелерін және олардың жетілдірілген тұстарын көрсетті.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар өз сұрақтары мен ұсыныстарын енгізіп, ҰҰА-ны дамыту аясындағы перспективалы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Бұл оқиға саланың алдына Қазақстанға пилотсыз авиациялық жүйелерді дамытып, қолданатын жетекші елдердің қатарына кіруге мүмкіндік беретін өршіл міндеттерді қояды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив