Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

ҚР СІМ басшысы дипломатиялық корпусқа ауызашар өткізді

3-04-2024, 18:48 Мадина Айдарова

Астана, 2024 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларына ауызашар өткізді.

Министр іс-шара қонақтарына шақыруды қабыл алғаны үшін ризашылығын білдіріп, барлығын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

«Ортақ мәдени және рухани құндылықтарымыз, сондай-ақ өңірлік және жаһандық маңызы бар көптеген өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымыз сәйкес келетінін ескере отырып, мұсылман әлемімен тығыз байланыстар – сыртқы саясатымыздың маңызды басымдықтарының бірі», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Шетелдік дипломаттар ауызашарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив