Цифрлық даму министрлігі «МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС ұйымына қатысты жүргізген тексеріс қорытындысын жариялады
2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (МТҚ) zaimer.kz («МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 млн.-нан астам жеке деректерінің таралуын анықтады.
МТҚ Қазақстан азаматтарының арасынан «МФО Robokesh.kz» ЖШС клиенттерін анықтай отырып, таралған деректерге талдау жүргізді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарға, сондай-ақ Egov порталының жеке кабинетіне қылмыскерлердің жеке деректеріне қол жеткізудің ықтимал теріс салдарын болдырмау үшін тиісті хабарламалар мен ұсыныстар жіберді.
Хабарландыру жүйесі пилоттық режимде іске қосылды, өйткені азаматтарды дербес деректердің сыртқа шығуы туралы хабардар ету құзыреті 2023 жылғы 11 желтоқсанда белгіленді және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Бүгінгі таңда аталған фактіге қатысты министрлікке азаматтардан 5200-ден астам өтініш келіп түскен.
Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, «Robokesh.kz» «МҚҰ» ЖШС-не Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалып, «МҚҰ Robokash.kz» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК мөлшерінде, жеңілдетілген тәртіпте, «МФО Robokash.kz» ЖШС әкімшілік айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабының төртінші бөлігіне сәйкес 500 АЕК (1 846 000 теңге) көлемінде айыппұл төленді.
Бұл ретте азаматтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес дербес деректердің таралуынан келтірілген материалдық немесе моральдық зиянды өтеу туралы мәселені қарау үшін азаматтық сотқа жүгінуге құқылы.
Сонымен қатар, Egov Mobile қосымшасында несие алуға уақытша шектеулер қызметін пайдалануды, сондай-ақ мына сілтеме бойынша Министрліктің веб-сайтында орналастырылған киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау бойынша ұсыныстармен танысуыңызды сұраймыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/article/details/147792?lang=kk
Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді жинау және өңдеу, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.
Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғалар дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Сонымен қатар, Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлғалар дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Сонымен қатар, Киберқалқан-2 тұжырымдамасы аясында киберқауіпсіздік бойынша ұсыныстар әзірленді.
Цифрлық гигиена – бұл желіде қауіпсіз болуға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар жиынтығы. Деректеріңізді қорғауға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестер:
- Күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және әртүрлі тіркеулік жазбаларда бірдей құпия сөзді пайлаланбаңыз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.
- Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңартып отырыңыз, өйткені жаңа нұсқаларда қауіпсіздік түзетулері жиі болады. Бұл сізді ықтимал хакерлік шабуылдардан қорғайды.
- Күдікті хабарларға жауап бермеңіз немесе белгісіз жіберушілердің сілтемелерін ашпаңыз. Бұл сіздің құрылғыңызға зиянды бағдарламаның орнатылуына әкелуі мүмкін.
- Вирустардан және басқа қауіптерден қорғау үшін антивирустық бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Бұл құрылғыңызды зиянды бағдарламалардан қорғауға көмектеседі.
- Жеке ақпаратыңызды бейтаныс сайттар мен қолданбаларда енгізбеңіз. Жеке ақпаратыңызды енгізбес бұрын сайттар мен қолданбалардың беделін тексеріңіз.
- Тіркеулік жазбаларды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз. Бұл сіздің тіркеулік жазбаларыңызға рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі.
- Әлеуметтік желілердегі және басқа да онлайн қызметтердегі құпиялылық параметрлерін тексеріңіз. Бұл сіздің жеке ақпаратыңыз оны берген адамдар үшін ғана қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.