Халық назарына!
Қазгидромет қызметінің ауа-райы болжамына сәйкес 2024 жылдың 03-07 сәуірі аралығында жауын-шашынның түсуі, қардың қарқынды еруіне әкелетіндей ауа температурасының күрт жоғарлауы күтіледі, бұл су деңгейінің көтерілуіне, еріген және еңістік су ағындарының қалыптасуына, сонымен қатар мұз режимінің әлсіреуі салдарынан кептелістердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Абай облысының тұрғындары мен қонақтарын су тасқыны қаупі туралы ескертеді және су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелерін естеріңізге салады:
• Неғұрлым сабырлық сақтаңыз, үрейленбеуге тырысыңыз. Көршілерге де хабарлаңыз, мүгедектерге, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Жергілікті атқарушы органдардан тұрғындарды эвакуациялау орнын жайлы біліп, оған дайындалыңыз.
• Қажетті құжаттарды, құндылықтарды, дәрі-дәрмектерді, өнімдерді және басқа да қажетті заттарды жылдамдатып жинаңыз. Балаларға, мүгедектерге және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Олар бірінші кезекте эвакуациялауға жатады. Мүмкіндігінше су тасқыны аймағынан дереу кетуге тырысыңыз.
• Үйден шықпас бұрын тоқ көздерін ажыратыңыз, электрді және газбен жабдықтауды өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді жабыңыз, егер уақыт болса терезелер мен есіктерді тақталармен (қалқандармен) жабыңыз.
• Жоғарғы қабаттарға көтеріліңіз. Егер үй бір қабатты болса, шатырға шығыңыз.
• Көмек келгенге дейін жоғарғы қабаттарда, шатырларда, ағаштарда немесе басқа да биік жерлерде болыңыз, осылайша құтқарушыларға сізді тез табуға мүмкіндік беріңіз.
Егер сіз көлікте болсаңыз:
• Су басқан жолмен жүруден аулақ болыңыз, су ағынымен алып кетуі мүмкін.
• Егер сіз су тасқыны аймағында болсаңыз және көлік сынған болса, оны тастап, көмекке шақырыңыз.