ІІМ БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-сессиясының отырысына қатысты
Ішкі істер министрлігі БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-сессиясы отырысына қатысты.
Австрия республикасының Вена қаласында БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-сессиясының отырысы өтті. Комиссия жұмысына әлемнің 190 мемлекетінен 900-ден астам делегат қатысты.
ІІМ-нің қазақстандық делегациясының құрамына министрдің орынбасары Айдос Рысбаев және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері кірді.
137 мемлекеттің өкілдері қатысқан жоғары деңгейдегі сессия жұмысында Қазақстан атынан қазақстандық делегацияның басшысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол БҰҰ-ның есірткіге бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудегі негізгі басымдығын Қазақстанның мақұлдайтындығын растады. Ұлттық және халықаралық деңгейде есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға баса назар аударды. БҰҰ Комиссиясының жұмысы аясында Қазақстан бірнеше сессияның жұмысына қатысты.
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылда Орталық Азия ақпараттық орталығының әлеуетін пайдаланудың перспективалары мәселелері жөніндегі сессияда сөз сөйледі. Орталық – есірткіге қарсы халықаралық өзара іс-қимыл үшін әмбебап платформа болып табылатыны атап өтті.
ҚДП бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов Орталық Азиядағы есірткі саясатына қоғамдық денсаулық сақтау тұрғысынан тәсілдерді атап өтті. Онда елдегі есірткіні тұтыну мәселелері, нашақорларды емдеу және оңалту мәселелері баяндалды.
“Синтетикалық есірткіге қарсы жаһандық стратегия” сессиясында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкин «синтетиканың» әлемнің барлық елдеріне таралу қаупінің ауқымдылығын атап өтті. Мысал ретінде АҚШ-та соңы өлімге алып келген есірткінің артық дозалануының 74 мың жағдайы туралы деректер келтірілді. Бұл ретте АҚШ-тағы есірткіге қарсы іс-шараларға шамамен 169 млрд доллар жұмсалған.
Жұмыстың төрт негізгі векторы белгіленген: прекурсорларды бақылау, артық дозалануды азайту, ҮЕҰ және азаматтық сектормен өзара іс-қимыл, синтетикалық есірткіге қарсы күрес жөніндегі жаһандық стратегияны іске асыру.
БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясы сессиясының отырысы барысында Айдос Рысбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНЭЙДС өкілдерімен есірткіге тәуелділер үшін алмастырушы терапияны енгізу мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.