Елімізде орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстар басталды
Елімізде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді.
«Қазір курстарда 5665 педагог оқып жатыр. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МОДО, ЕНТ, PISA/PIRLS нәтижелерінің статистикасына назар аудара отырып жаңартылды. Бағдарламалардың жаңартылған құрылымында педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамыту бойынша қосымша модуль бар», - дейді басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.
Қазіргі уақытта орталықта 41 білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Биыл барлығы 68 000-нан астам педагог оқытылады деп жоспарланған. Оның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш сынып мұғалімдері бар. Бұл шаралардың барлығы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және еліміздегі білім беру стандарттарын жақсартуға бағытталған.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстанда «Мектептерге арналған PISA-2023» жыл сайынғы зерттеуі басталдыСайлау 2023: Ақпараттық хабарлама