Қазақстанда «Мектептерге арналған PISA-2023» жыл сайынғы зерттеуі басталды
Осы жылғы 6 қарашадан 15 желтоқсанға дейінгі аралықта еліміздегі 1000 білім беру ұйымында «PISA-based Test for Schools (Мектептерге арналған PISA)» халықаралық зерттеуі өтеді.
Мектептерге арналған PISA-ға өздерінің білім алу процесі мен жетістіктері туралы құнды мәліметтерді ұсынумен еліміздің барлық аймақтарынан 54 мыңнан астам 15 жастағы оқушылар қатысады. Зерттеу PISA дәстүрлі зерттеудің әдіснамасына негізделген және мектептің білім беру жетістіктерінің жан-жақты көрінісін қалыптастыра отырып, оқу, математика мен жаратылыстану ғылымдары сынды функционалды сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды.
«3 жылдық циклды құрайтын негізгі PISA-дан Мектептерге арналған PISA-ның айырмашылығы ол жыл сайын өткізіледі және әрбір жекелеген мектеп деңгейінде нәтижелерді талдауға, жақсартуға болатын нақты бағыттарды анықтайтын жеке есептерді алуға мүмкіндік береді. Жан-жақты толықтарылған есептерді мектеп әкімшілігі білім сапасын арттырудың стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалануа алады», - дейді Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Абылканова.
Еске салайық, Мектептерге арналған PISA-ны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Organization for Economic Cooperation and Development) өткізуде. 2022 жылғы Мектептерге арналған PISA қорытындысы бойынша 1000 білім беру ұйымы 428 жеке және 172 топтық есеп алды.
Атап өтейік, бүгінде зерттеу әлемнің 14 елінде жүргізілуде, оның ішінде Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Испания, Қытай елдері бар. Зерттеу тек білім мен дағдыларды ғана бағалауға емес, сонымен қатар елдегі және әлемдегі басқа қатысушы мектептермен салыстырғанда оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған.