Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Қазақстан СІМ басшысы Ұлыбритания Елшісін қабылдады

5-04-2024, 18:48 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар, атап айтқанда, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге тезірек қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар ғылым және білім саласындағы әріптестіктің жоғары әлеуетіне тоқталып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ортақ қызығушылықты растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив